«Nur Otan» алматылық дәрігерлер тұрып жатқан нысандарды тексерді
«Nur Otan» алматылық дәрігерлер тұрып жатқан нысандарды тексерді
Партияның Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы медицина қызметкерлерінің уақытша тұрып жатқан орындарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс тобының құрамында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, СЭС басшылығы, аудандық әкімдіктердің, Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері және тағы басқалар бар. Комиссия мүшелері дәрігерлердің тұру, тасымалдау және тамақтану жағдайларын тексерді.
– Медициналық қызметкерлер әр күн сайын өз өмірлерін қатерге тігеді. Олар өз жақындарына қатерлі індетті жұқтырып алудан қорқады. Сол себепті дәрігерлерді қонақ үйлер мен жатақханаларға жайғастыру үшін шешім қабылданды. Оларға барынша жағдай жасау жағы қарастырылған, үш мезгіл тамақ беріп, тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Біздің мониторингтік топ бұл мәселені мұқият бақылауда ұстап отыр және ол нәтижесіз емес екенін байқауға болады. Бүгінгі тексеру барысында айтарлықтай ескертулер болған жоқ, бұл бізді қуантып отыр. Тағы бір мәселені айта кету керек, біз осылайша бір жағынан бизнесті де қолдап отырмыз. Карантин жағдайында қонақ үйлер жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Оларда 100 пайыз адам толық деуге болады, мұндай жағдай қалыпты кездердің өзінде болмас, – деді Нұр Отан ХДП Алматы филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Борис Жаппаров.
Партиялықтардың айтуынша, медициналық қызметкерлердің қалай тұрып жатқанына мониторинг жүргізу карантин режимі аяқталғанға дейін жалғасады.