Ермұрат Үсенов: Шалақазақтық күйге де жетті
Ермұрат Үсенов: Шалақазақтық күйге де жетті
Кейінгі кезде «қазақтың ұлттық музыкасының әуені бұзылып, аспаптарының табиғи тембрі жоғалып бара жатыр» деген әңгіме айтылып жүр. Бұл, әрине көзі ашық, көкірегі ояу қазақ баласын бейжай қалдырмақ емес. Белгілі күйші-композитор Ермұрат Үсеновпен әңгімемізде ұлттық музыкамыздың бұрынғы және бүгінгі жағдайы туралы ой өрбітіп, ондағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқыға салып көрдік.
– Сіздің әлеуметтік желі бетінде Құрманғазының «Серперіне» «түзету енгізіп тартқан» Ляйля Тәжібаева-Исаева деген музыкант қызға наразылығыңызды оқыдық. Ол қыз нені бүлдірді және сіздің сыныңызды не үшін қабылдай алмады?
– Ол жөнінде пікірімді өзімнің фейсбук парақшамда жарияланған «Құрманғазының әруағын күңірентпейік (немесе ұлы күйшінің «қатесін» түзеткен «мықты» қыз туралы хикая)» деген жазбамда айтқанмын. Негізгі сыным былай айтылған: «Ләйлә Тәжібаева деген әп-әдемі қарындасымыз (өзі қобызшы) шағын топ құрыпты. Қош делік. Топта домбыра, қобыз, қылқобыз, ұрмалы топ, синтезатор сияқты аспаптар бар. Көбінесе кішігірім әр елдің шығармаларын өзі өңдеп ел алдына шығып жүр екен. Оған еш қарсылығым жоқ. Сөйткен қызымыз ешкіммен ақылдаспай, байыбына бармай Құрманғазының «Серпер» күйіне бір-ақ ауыз салыпты. Басын дұрыс бастап, сағаға келгенде түпнұсқадан ауып, өзінше «өңдеп» жіберіпті. Құрманғазы оркестріне түсірген А.Жұбанов, Н.Тлендиевтен де «асырып» жіберіпті. Ал енді Құрманғазы оркестрі ойнағанда әр қазақтың бойына рух, жігер беріп ұлы күйші тіріліп келгендей әсер алушы едік!». Одан әрі ұлтымыздың ұлы күйшілерінің шығармаларын өз бетінше өзгертіп тартуға болмайтынын, ондай әрекеттің халық музыкасын қорлау болатынын айтып ескерттім. Ал ол қарындасымыз не деді? Пікіріне қиянат болмасын, қаз-қалпында берейін. Маған өз фейсбук парақшасында орысша берген жауабында ол былай депті:
«Курмангазы перевернулся в гробу?
Я кобызистка, которая говорит на русском и играет рок. Буду писать много и больно, зато правду. Давайте зададим себе вопрос, что толкает музыкантов таких как, Ахмет Жумбанов (осылай жазған. − Е.Ү.), Gaziza Gabdrakhimova Serkebaeva Jamilya Асылбек Енсепов Ulytau и многих других видеть и делать казахскую музыку в новом стиле? Ответ очевиден − Развитие! В своём нелицеприятном посте, Ермурат Усенов говорит что:
− Во-первых он не против моего творчества, вот эта новость. Во вторых, что в кюе Серпер Курмангазы, я сделала немыслимое и противоречащее природе нашему казахскому народу! А именно, изменила, о ужас, ритм, причём в кульминации (хотя ритм там с 8 такта меняется). Он апеллирует тем, что я не имею права этого делать? Интересно тогда, а кто такое право раздаёт? Курмангазы умер давно, наследников у него нет, авторских прав тоже. Теперь кюи Курмангазы являются национальным наследием. А значит они в открытом доступе.
Сыграв по своему кюй Серпер, я ни в коем разе не утверждала, что это эталон и теперь все должны играть только так и никак по другому. Что за бред вообще тут творится?! Кюй в традиционном его понимании был, есть и будет! И никто на это не покушается! Хоспади! Неужели это надо разъяснять?! Только благодаря моей аранжировки и исполнению моей группы Layla-Qobyz о том, что есть такой кюй Серпер вообще узнали многие казахстанцы.
Не Курмангазы сегодня перевернулся в гробу, а такие деятели как Жубанов, деятели которые искренне верили, что казахи будут сохраняя традиции развиваться сами.
В заключении добавлю: Я люблю свой кобыз и свою музыку, и буду делать то, что мое сердце хочет, а вам придётся меня убить, чтобы остановить».
Көрдіңіз бе, «Айттым бітті, кестім үзілді» деген адамның сөзі. Бірақ Л.Тәжібаева-Исаева сияқты музыканттар халыққа танымал күйлерімізді қалағанынша шерте берсе не болғаны? Найзағайдай жарқылдап, төрт құбыласы түгел боп тұрған «Серпер» секілді ғажап күйді өзімбілермендікке салып өзгертіп, сағаларын (ең төменгі пернелерде ойналатын әуендер) тастап кетіп, ырғағын бұзып жатса, оған көз жұмып қарап отыра берсек, ұлттық музыкамызға жанымыздың ашығаны жалған болмай ма?
Ляйля қарындасымыз орысша оқыған. Оған Құрманғазы кім, Дина кім, Жұбанов кім? Бәрібір ешқашан түсінбейді, қадіріне жетпейді. Сол себепті ол біз айтқан сынды қабылдамайды...
– Кейінгі кезде домбыра мен қобыздың бұрынғы кездегі табиғи қоңыр тембірінің өзгеріп кеткені жайында айтылып қалып жүр. Ол мәселені қалай шешуге болар еді? Расымен де қазіргі домбыра мен қобыз еуропалық стандарттарға ыңғайластырылған ба?
− 1958 жылы еліміздің тұңғыш кәсіби дирижеры, айтулы тұлға Шамғон Қажығалиев атақты Құрманғазы оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі болған тұста Мәскеуде үлкен шеберханада дайындалған қазақ халық аспаптарын қабылдап алу оқиғасы болды. Оған жазушылар М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, композиторлар А.Жұбанов пен М.Төлебаев және Қазақ КСР КП Орталық комитетінің сол кездегі хатшысы Н.Жанділдин қатысып отырды.
М.Әуезов Ш.Қажығалиев жасаған реконструкцияға оң баға берді. Сондай-ақ бұл жұмысты С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Төлебаев, Н.Жанділдин де қолдады. Тек А.Жұбанов: «Оркестрдің жалпы тембрі өзгеріп, ұлттық бояудан айырылып, космополиттік оркестрге айналып кеткен. Әрине, әр аспаптың диапазонын өсірген, динамикалық ауқымын ұлғайтқан, техникалық мүмкіндігін арттырған. Мұның бәрі жағымды фактор. Бірақ төрт сырнай тобы, ұрып ойнайтын европа аспаптары қазақтың домбырасы мен қобызының үнін басып кетіп, қазақ оркестрі деген атаудан айырылып қалуымыз мүмкін, − деп пікір айтты». (Мен бұл сөздерді Тілеуғазы Бейсембектің «Шамғон Қажығалиев» (Алматы, «Өлке» баспасы, 2007 ж.) деген кітаптан алып отырмын). Иә, ғұлама ғалым Ахмет Қуанұлы Жұбанов осындай пікірде болды.
Әрине, одақ кезінде міндетті түрде орыс және Еуропаның шығармаларын орындау үшін осындай қадамға барғандарын түсінуге болады. Өз ойымды айтсам, кезінде прима қобыз үш ішекті болды, одан төрт ішекке ауысты. Беті мал терісімен қапталған болатын, соның арқасында ұлттық тембрді сақтаушы еді. Қазір тері алынып тасталды. Першин деген шебердің өзгертуімен формасы ғана сақталып, қалғаны тұп-тура скрипканың көшірмесі болып шықты. Сөйтіп прима қобыз аспабында ұлттық тембр мүлде жойылды. Осы жағдай мені де мазалайды...
Ал домбыра аспабы оркестрде өз қалпында, құлақ күйі де оркестрге лайықталып келтірілген. Жеке орындаушылар күйді ешкі немесе қой ішегінен жасалған ішекпен орындаса екен деген ұсынысым бар. Сонда қоңыр үнді тірілтер ме едік. Қазір бәрі балық аулағанда қармаққа жіп ретінде пайдаланатын лесканы қолданады.
Қарағанды қаласында біраз жылдан бері Тәттімбет атындағы байқау өтіп келеді. О баста айтқам, Тәттімбет күйлерін орындайтын домбыраны Ә.Хасеновтің үлгісімен жасап, тартқызайық деп. Ешкім құлақ аспады, Шеберлер үнсіз... Бұл да Шерағаң айтқандай, «Бір кем дүние болды».
[caption id="attachment_112598" align="alignnone" width="900"]