Ресейде коронавирусты қайтадан жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Ресейде коронавирусты қайтадан жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Ресейде коронавирусты қайтадан жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді
ашық дереккөзі
Ресейдің Владимир облысында коронавирусты қайтадан жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл туралы аймақ басшысы Владимир Сипягин «ВКонтактедегі» тікелей эфир барысында мәлімдеді. Сипягиннің сөзінше, дәрігерлердің бірі індетті қайтадан жұқтырған. Медицина маманының вирусты алғашқы және кейінгі жұқтыру дерегі екі айдың ішінде тіркелген. Бұған дейін Ресей аумағында коронавирусқа екінші мәрте шалдығу оқиғалары жайлы ресми түрде айтылмаған, деп жазады ТАСС. Губернатор өңір тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып, 65 жастан асқан және созылмалы кеселдері бар азаматтарды мүмкіндігінше үйден шықпауға үндеді. Владимир облысында пандемия басталғалы 5333 адамнан коронавирус анықталған. Ал Ресейде індетке шалдыққандардың жалпы саны 789 мыңнан асып жығылды. 572 мыңнан аса адам емделіп шықты. 12 745 адам көз жұмды. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 77 мыңға жуықтады. 48 мыңнан аса адам дертінен айықты. 585 науқас қайтыс болды.