Нұротандықтар ауруханаға қажетті жабдықтарды алып берді
Нұротандықтар ауруханаға қажетті жабдықтарды алып берді
Павлодар облысының партия мүшелері аймақтың провизорлық госпитальдарына көмек көрсетуді жалғастыруда.
22 шілде күні «Nur Otan» облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция басшысының орынбасары Марина Стрелковская, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция басшысы Қобланбек Қожин және қалалық филиалдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Виктор Пряхин №3 қалалық аурухана базасындағы провизорлық госпитальге көмек көрсетті. Депутаттар қажетті медициналық жабдықтар – 5 небулайзер аппараты, емделушілерге арналған 3 мүгедек арба және 10 кушетка табыстады. Бұл медициналық жабдықтар депутаттар мен қала кәсіпкерлерінің есебінен сатып алынды.
— «Біз біргеміз!» партиялық акциясы аясында барлық деңгейдегі депутаттар, кәсіпкерлер, партия мүшелері қайырымдылық көмек көрсетуге белсенді қатысты. Бүгінгі таңда партиялықтар облыстың барлық провизорлық госпитальдарына көмек көрсетті, - деп атап өтті облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция басшысының орынбасары Марина Стрелковская.
— Мен барлық депутаттарды, кәсіпкерлерді, бей-жай емес партиялықтарды осы жұмысқа қосылуға және қолдауымызға өте мұқтаж біздің дәрігерлерімізді қолдауға шақырамын.
Павлодар облысының партияластары бірлесіп медициналық мекемелерге қажетті жабдықтарды, Бобров аппараттарын, кір жуу машиналарын, ӨЖЖ аппараттарын, дәрілік препараттарды және т.б. дәрі-дәрмектерді табыстады.
Елімізде карантин басталған уақыттан бері облысымыздың партияластары көмекке зәру жерлестеріне күн сайын көмек көрсетуде. Мысалы бүгін «Біз біргеміз!» партиялық акциясы аясында партияның кадрлық резервінің мүшесі, Екібастұз қаласының танымал музыканты Нұрлан Ахметбаев қаланың провизорлық госпитальдың медицина қызметкерлеріне ыстық ас дайындауды қолға алды. Ақ халатты абзал жандардың көңілін ауламақ ниетте жасалған игі істі «Maestro» мейрамханасының ұжымы қолдап, бүгінде олар күнделікті 70 адамды түскі аспен қамтамасыз етіп отыр.