Жаңалықтар

«Jas Otan»: «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясына 445 волонтер жұмылдырылды

ашық дереккөзі

«Jas Otan»: «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясына 445 волонтер жұмылдырылды

Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев «Дәрігерлерге мың алғыс» республикалық акциясының бір апталық жұмысын қорытындылады. 

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, аталған акцияға ел бойынша 445 волонтер жұмылдырылған. Еріктілер бірнеше бағытта жұмыс атқарды. Атап айтқанда: ⠀ 1. Біраз уақыт бойы өз отбасыларынан оқшаулауға мәжбүр болған 3 452 орта буын медицина қызметкерлеріне «Алғыс пакеттері» табысталды. Аталған жиынтықтар дәрігерлердің ұсыныстары мен тілектері бойынша жиналған болатын. Атап айтқанда, пакеттерге имунитетті көтеру үшін бал, лимон, жент, үзіліс кезінде шәймен ішетін тәттілер, сонымен қатар қолғаптарды киюден пайда болған қолайсыздықтардың алдын алу үшін қол кремі, майлықтар және т.б. салынды. Ал «SHIPA» жобасы арқылы орта деңгейдегі дәрі-дәрмектер қорапшалары дайындалып, 300 аз қамтылған отбасыға үлестірілді. ⠀ 4. Сондай-ақ, барлық өңірлерде қоғамдық орындарда азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында тұрғындарға маска таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. ⠀ Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыс әлі де жүргізілетін болады.