Мамандар Алакөлдегі үйректердің жаппай қырылу дерегін тексеріп жатыр

Мамандар Алакөлдегі үйректердің жаппай қырылу дерегін тексеріп жатыр

Мамандар Алакөлдегі үйректердің жаппай қырылу дерегін тексеріп жатыр
ашық дереккөзі
Алакөлдің Аралтөбе шағын аралындағы қызыл үйректердің қырылу фактісінің мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында хабарлады. «Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірге жабайы құстардың қырылуына байланысты Алакөл көлінің Аралтөбе шағын аралына барып қайтты. Аралды тексеру барысында мамандар 9 өлі отүйрек (қызық үйрек) жатқанын анықтады. Мамандар үлкен, орта және шағын Аралтөбені тексеріп шықты. Отүйректердің жаппай қырылу фактісі анықталған жоқ», - деді Сәкен Ділдахмет. Құстардың қырылу фактісін анықтау үшін инспекция қызметкерлері тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама берді. «Оқиға орнына ғылыми ұйымдар мен инспекция, экология департаментінің қызметкерлері барады», - дейді ол.