"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады

"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады

"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады
ашық дереккөзі
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы басталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет. Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі. Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген.