ШҚО-дағы жасотандықтар «Маска тағыңыз» акциясын жалғастырды

ШҚО-дағы жасотандықтар «Маска тағыңыз» акциясын жалғастырды

ШҚО-дағы жасотандықтар «Маска тағыңыз» акциясын жалғастырды
ашық дереккөзі

ШҚО-дағы Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері мен «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері еліміздің барлық аймақтарын қамтыған «Маска тағыңыз» акциясына қолдау көрсетті.

   width=
Белсенділер халыққа қорғаныш құралдарын қалай қолдану керектігін, бетперделерді, қолғаптар мен антисептиктерді мүмкіндігінше көбірек пайдаланудың тиімділігін түсіндірді.
 width=   width= – Пандемия кезінде адамдармен профилактикалық жұмыс ерекше маңызды. Медициналық ұсыныстарды түсіндіру отандастарымызға денсаулық мәселесінде неғұрлым сауатты болуға көмектеседі. Сондықтан осы акцияға қосылуды ұйғардық, өйткені өзгелерге көмектесу арқылы біз қоғамды біріктіреміз. Бірлік – вирусқа қарсы күрестің басты тетігі, – дейді «Жаңғыру жолы» облыстық штабының жетекшісі Равиль Юнусов. Белсенділер карантиндік және жеке қорғаныш шараларын сақтау туралы ұрансөздерді қала көшелерінде граффити арқылы да бейнеледі. Оларда «Маска тағыңыз!», «Арақашықтықты сақтаңыз!», «Біз біргеміз!» деп жазылған.