«Nur Otan»: Кәсіпкер аудандық ауруханаға тыныс алу аппараттарын сыйлады

«Nur Otan»: Кәсіпкер аудандық ауруханаға тыныс алу аппараттарын сыйлады

«Nur Otan»: Кәсіпкер аудандық ауруханаға тыныс алу аппараттарын сыйлады
ашық дереккөзі
Қостанай облысында, оның ішінде Денисов ауданында да коронавирус індеті бойынша қалыптасып отырған жағдайға және оқшаулау шараларының күшейтілуіне байланысты қажетті дәрігерлік жабдықтардың жетіспеушілігі орын алды. Аудандық аурухананың күндізгі бақылау бөліміне оттегі өндіретін қондырғы алу қажеттігі туды. – «Nur Otan» партиясының Денисов аудандық филиалы партияның  «Вiz birgemiz» акциясы шеңберінде «Арай-холдинг» ЖШС-інің бас директоры В.И. Соложенковтың атына Денисов аудандық ауруханасына оттегі өндіретін 4 қондырғы алып беру жөнінде өтініш жолдады. Екі күннің ішінде аталған жабдық сатып алынып, аудандық ауруханаға жеткізіліп берілді, – деп атап өтті партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары В. Шерер.  width= Аталған аппараттар тыныс алуы ауырлаған өкпе қабыну және басқа да аурулардан емделіп жатырған адамдарға байытылған оттегі беру үшін өте қажет. Оқшаулау шаралары шеңберінде ашылған күндізгі бақылау бөлімінде аталған дәрігерлік жабдық біздің адамдардың өмірін сақтап қалуға жағдай жасайды. – Дәрігерлер мен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының атынан  «Арай-холдинг» ЖШС-і компаниясының топ басшыларына және жеке оның бас директоры В.И. Соложенковқа бәріміз үшін қазіргідей күрделі жағдай туындағанда белсенді әлеуметтік жауапкершілік үлгісін көрсетіп және қолдағандары үшін ризашылық сөздерімізді арнаймыз, – дейді В. Шерер.  width=