«Nur Otan»: Кәсіпкер аудандық ауруханаға тыныс алу аппараттарын сыйлады
«Nur Otan»: Кәсіпкер аудандық ауруханаға тыныс алу аппараттарын сыйлады
Қостанай облысында, оның ішінде Денисов ауданында да коронавирус індеті бойынша қалыптасып отырған жағдайға және оқшаулау шараларының күшейтілуіне байланысты қажетті дәрігерлік жабдықтардың жетіспеушілігі орын алды. Аудандық аурухананың күндізгі бақылау бөліміне оттегі өндіретін қондырғы алу қажеттігі туды.
– «Nur Otan» партиясының Денисов аудандық филиалы партияның «Вiz birgemiz» акциясы шеңберінде «Арай-холдинг» ЖШС-інің бас директоры В.И. Соложенковтың атына Денисов аудандық ауруханасына оттегі өндіретін 4 қондырғы алып беру жөнінде өтініш жолдады. Екі күннің ішінде аталған жабдық сатып алынып, аудандық ауруханаға жеткізіліп берілді, – деп атап өтті партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары В. Шерер.