Көбейтұзға ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін беру ұсынылды

Көбейтұзға ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін беру ұсынылды

Көбейтұзға ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін беру ұсынылды
ашық дереккөзі
Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын аумақ мәртебесі берілуі мүмкін. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев осындай ұсыныс жасады.  «Бұл - ерекше бірегей көл. Әлбетте, мобильді бекеттер мен шлагбауммен проблема шешіле салмайды. Себебі шлагбаум бар жерде оны аттап өткісі келетіндер де көп болады. Мәселені шешудің екі жолы бар.Біріншісі – экологиялық білім және айыппұл мөлшерін көбейту. Екіншісі – көлдің бірегейлігін пайдалана отырып, біз оған ерекше қорғалатын табиға аумақ мәртебесін берсек дейміз. Осылайша оған қатысты шектеу шаралары күшіне енеді», - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетейік, бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа зиянын тигізгендерге салынатын айыппұл көлемін ұлғайтуды тапсырғанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы министрлерге жастарды экологиялық ағарту жұмыстарын қолға алуды жүктеген болатын. «Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті «Көбейтұз» көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды. Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.