"Nur Otan" мүшесі Семей ауруханасына 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетті

"Nur Otan" мүшесі Семей ауруханасына 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетті

"Nur Otan" мүшесі Семей ауруханасына 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетті
ашық дереккөзі
ШҚО медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында Семей қаласының "СемАз" ЖШС және "Азия" ЖШС Бас директоры, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі Әсемқан Серқанұлы Дүскужанов жұқпалы аурулар ауруханасына және провизорлық орталыққа 1 млн теңгеге 2 оттегі концентраторын алып берді және "Жедел медициналық жәрдем ауруханасына" 5 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. «Еліміздегі күрделі жаңдай кезінде біз  дәрігерлерімізбен халқымызға тек рухани жағынан ғана емес материалдық тұрғыданда қол ұшын созуға тырысудамыз.  Бүгінгі таңда ел көлемінде  індетің өршіп тұрғандығы бәрімізді де алаңдатады. Осы індетпен бірлесе күрескенде ғана жеңіп шығатын боламыз»- дейді  «СемАз» ЖШС және «Азия» ЖШС бас дироекторы Ә. Дускужанов. «Облыстық маслихат депутаты, қаламызға белгілі кәсіпкер Әсемқан Серқанұлы ағамызға дәрігерлеріміздің атынан көрсеткен ауқымды көмегі мен қолдауы үшін алғысымызды білдіремін. Осындай қиын кезеңде күндіз түні азаматтарымызға қызымет көрсетіп жатқан дәрігерлер қауымына бұл үлкен қолдау деп білемін. Еліміз осы індеттен тездетіп айығып, қалыпты өмірге оралуын тілеймін», - деп атап өтті Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Е.Буркутов. ШҚО бойынша дәрігерлерді қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясының ұйтқы болуымен түрлі ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда.