Әйелдерді хиджабтан бас тартуға үгіттеген

Әйелдерді хиджабтан бас тартуға үгіттеген

Әйелдерді хиджабтан бас тартуға үгіттеген
ашық дереккөзі
Соғдылық бірнеше әйел мәселелерін шешіп беруін өтініп, жергілікті телеарналардың біріне жүгінді. Олар милиция қызметкерлерінің үйлеріне келіп, хиджаб киюге тыйым салғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары бұл әйелдерден хиджабты өз еркімен кигенін немесе күйеулері мәжбүрлегенін анықтағысы келген. Тәжікстан ІІМ Соғды облысы бойынша басқармасының басшысы Шариф Назарзода бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Дегенмен тұрғындар басқа мәдениеттің ықпалымен дәстүрге жат киім киіп кетпес үшін, милиция қызметкерлері халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенін мойындады. Худжандта хиджаб киетін әйелдермен милиция қызметкерлері сөйлескенін адам құқығын қорғаушы белсенділер де жазған еді. Бірақ олардың жазбаларында «Панджшанб» базарындағы хиджаб киген әйелдермен формадағы әйелдер сөйлескені айтылған.