«Nur Otan» елорда саябақтарында санитарлық талаптардың орындалуын тексерді
«Nur Otan» елорда саябақтарында санитарлық талаптардың орындалуын тексерді
«Nur Otan» партиясының мүшелері Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық орындарға, атап айтқанда, саябақтар мен бақтарға тағы да рейд жүргізді.
Мониторингтің басты мақсаты – тұрғындар мен қала қонақтарының санитарлық талаптарды сақтауын қадағалау. Рейд жүргізуге «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері, белсенді партиялықтар және БАҚ өкілдері атсалысты.
Тексеріс барысында 150-ден астам қорғаныс маскасы және аурудың алдын алуға қатысты ескертпелер жазылған кітапшалар таратылды.