Жаңалықтар

Франция терактіні "жауыздық" деді

ашық дереккөзі

Франция терактіні "жауыздық" деді

14 шілде күні кешкісін Францияның Ницца қаласында теракт әрекеті орын алды. Ницца жағалауында Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі адамдарды басып-жаншып, кейін көліктен жиылған жұртқа оқ атқан. Белгісіз біреулер көшедегілерге қарата оқ атқан. Теңіз жағалауы Альпісі департаменті префектурасының хабарлауынша, шабуылдан біршама адам жарақат алған. Қазіргі мәліметтер бойынша, теракт құрбандарының саны 84-ке жетті. Оның ішінде балалар да бар. Франциялық БАҚ жүк көлігінен 31 жастағы Ницца тұрғынының жеке куәлігін тапқанын, оның франциялықпен қатар Тунис азаматтығы болғанын хабарлады. Жүк көлігінің жүргізушісін полиция атып тастады. Билік органдары жүргізуші жүріп бара жатқанда оқ атқанын, ал көлік ішінде қару мен граната болғанын айтуда. Күш құрылымдары оның сыбайластарының болғанын не болмағанын анықтап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі көп адамды доңғалақ астында қалдыру үшін әрлі-ері жүріп отырған. Оның сағатына 50 км жылдамдықпен 2 км адамдарды басып жүріп өткені жайлы хабарланды. Шабуылға жауапкершілікті ешбір топ мойнына алмады. Ал жергілікті билік қарулы шабуылды теракті деп санайды.  Франция президенті Франсуа Олланд Ниццадағы шабуылды «жауыздық» деп сипаттап,  жандарм мен полицейлерге көмектесуге, әсіресе шекараларда қолдау көрсетуге әскерилер тартылғанын айтты. Сондай-ақ, 26 шілдеде аяқталуы тиіс елдегі төтенше жағдай үш айға ұзартылады. ІІМ басшысы Бернар Казнев: «Біз террористермен соғысып жатырмыз. Олар қалай болса да бізге ауыр соққы жасауға тырысып жатыр», – деді. Теракт орын алған Ниццада бес қазақстандық болғаны мәлім болды. Барлығы да дін аман және қазір қауіпсіз жерде орналасқан. Франциядағы Қазақстан Елшілігіне теракт болған Ницца қаласында тағы бір қазақстандық бар екен. Белгілі болғандай, қазақстандық қыз курорттық қалаға бейсенбі күні кешке турист ретінде ұшып келген. Ол жапа шекпеді және қазір қауіпсіз жерде.