Президент министрлерге жастарды экологиялық ағарту жұмыстарын қолға алуды тапсырды
Президент министрлерге жастарды экологиялық ағарту жұмыстарын қолға алуды тапсырды
Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті «Көбейтұз» көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды, деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
«Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.