Қандасымыз Моңғолияда вице-министр қызметіне тағайындалды

Қандасымыз Зульфикар Сарқытұлы Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау вице министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы KAZNEWS порталы хабарлады.   

Зульфикар Сарқытұлы бұған дейін Монғолияның Басқару Академиясының ректоры қызметін атқарып келген.

Социология ғылымдарының докторы, профессор Зульфикар Сарқытұлы – 1975 жылы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында туған.

1994 жылы Түркияның Мимар Синан университеті;

1998 жылы Моңғолия Ұлттық университетін тәмамдаған.

1998-2008 жылдары Басқару академиясында оқытушы, аға оқытушы,

2009-2012 жылдары Басқару академиясының Әлеуметтік басқару жобасының жетекшісі, Әлеуметтік менеджмент факултетінің деканы,

2012-2016 жылдары Басқару академиясының Саяси зерттеулер және әлеуметтік менеджмент факултетінің деканы,

2016 жылдан Басқару академиясының ректоры қызметін атқарған.

FB IMG 1594910535353

 

 

Back to top button