Дәулет Шабанбай Олимпиаданың қола медаліне ие болды

Дәулет Шабанбай Олимпиаданың қола медаліне ие болды

Дәулет Шабанбай Олимпиаданың қола медаліне ие болды
ашық дереккөзі
Ауыр салмақта белдесетін еркін күрес шебері Дәулет Шабанбайға араға жеті жыл салып Олимпиада ойындарының қола медалі табысталатын болды. Livetime.mn сайты хабарлады. Естеріңізде болса, 2012 жылы Лондонда өткен олимпиада ойындарының жартылай финалында Дәулет Шабанбай грузин палуаны Давид Модзманавшилиге есе жіберген болатын. Халықаралық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, алтын медаль алған өзбекстандық Артур Таймазов пен күміс жүлде алған грузин спортшысы Давид Модзманавшилидің қанынан тыйым салынған препараттар табылған. «Артур Таймазов пен Давид Модзманавшилидің қанынан тыйым салынған препараттар табылып, Олимпиада-2012 ережесін бұзды. Ол қатысқан турнирден шеттетіліп, 120 кг дейінгі салмақта ерлер арасындағы еркін күрестен алған медалін қайтаруға міндеттеледі», – деп жазылған ХОК ресми хабарламасында. Давит Модзманашвили ширек финалда Дәулет Шабанбайды жарыс жолынан шығарған болатын. Ал жартылай финалда ресейлік Билял Маховты жеңген. Тек финалда өзбек Артур Таймазовқа жол берген еді. Грузин балуаны финалға шыққандықтан Дәулет жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге қол созған. Алайда Билял Маховты жеңе алмаған. ХОК шешімі бойынша Олимпиадада қола жүлдегер атанған ресейлік Билял Махов пен ирандық Камейл Гасеми екеуіде алтын медаль алатын болды. Екеуі де бір салмақта Олимпиада чемпионы. Ал, қола медаль қазақстандық Дәулет Шабанбай мен АҚШ спортшысы Тервел Длагневқа беріледі.