Денсаулық сақтау министрі үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрі үндеу жасады
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға  үндеу жасады.  «Елімізде шектеу шаралары алынып тасталған кезде коронавирус инфекциясы ешқайда жоғалып кетпегенін естен шығармау керек. Біз оған үйреніп, күресіп, өмір сүруіміз керек. Өмір жалғасады. Әр адам ауа райына бейімделеді. Жаңбыр жауса, біз қолшатыр алып, өзімізді судан қорғаймыз. Күн суыса жылы киім киеміз. Мұндайда тіпті ойланбаймыз, бәрі қалыпты жағдай», – деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Алексей Цой қандай шара болмасын бәрі қашықтан өтуі керектігін ескертті. «Егер инфекция болса, қандай да бір эпидемиологиялық кезең басталса немесе ауа тамшымен инфекция тараса, маска кию, жақындарыңызды қорғау, әлеуметтік қашықтықты сақтау, достарымызды, әріптестерімізді қорғау – қалыпты жағдайға айналуы керек. Егер қандай да бір шара болса, адамдар бір-бірінен алшақтап, алыстап отыруы керек. Қазір инфекция қатты өршіп кетеді деп күтпесек те, бұл біздің қалыпты өмірімізге айналуы тиіс», – деді Денсаулық сақтау министрі. Министр халыққа үндеу жасап, денсаулық сақтау саласына бәріміз көмектесуіміз керектігін айтып өтті.
«Бұл мемлекетке ғана емес, өзімізге де, балаларымызға, жақын адамдарымызға да ең үлкен көмек болады. Бұл жеке бас гигиенасын сақтау, қашықтықты сақтау, қолды жуып тұру, салауатты өмір салтын сақтау, иммунитетті көтеріп, спортпен айналысу керек. Егер өзімізді осылай ұстасақ, менің ойымша, біз осы инфекцияны жеңіп, бұл індетті жеңеміз», – деп толықтырды Алексей Цой.