Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері жалға берілмек

Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері жалға берілмек

Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері жалға берілмек
ашық дереккөзі
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдерін жалға беруге байқау жариялады. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiндегi конкурс туралы хабарлайды. Конкурстық құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзiмi – 2020 жылғы 27 шiлде, сағат 12-00-ге дейiн қабылданады», –деп хабарланды басқарма сайтында. Су объектілерін конкурстық негізде пайдалануға беру конкурсына Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері қойылған. Оларды рекреациялық мақсатта 49 жылға жалға беру көзделіп отыр.