Қазақстанда карантин шараларын жеңілдету мәселесі пысықталуда

Қазақстанда карантин шараларын жеңілдету мәселесі пысықталуда

Қазақстанда карантин шараларын жеңілдету мәселесі пысықталуда
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында: «Бізде тұрақты деңгей 1600-1700 адам деңгейінде (күніне тіркелетін науқастар саны) сақталып тұр. Бұл көрсеткіш нашар жағдай емес. Әзірге бірдеңе деп болжау қиын. Алайда біз жағдай тұрақталар деген сенімдеміз. Жалпы біздің бұған дейінгі болжамымыздың пессимистік сипаты болғанын білеміз. Диманика бар. Ары қарайғы ахуал не болар деген сұрақ біз үшін маңызды. Қазір ары қарай не істейміз деген сұрақ төңірегінде жоспар құрып жатырмыз. Карантинді қалай әлсіретеміз, жағдайды ұстап тұру үшін қандай қадамдарды жасау керек – бәрі зерттелуде», – деп атап өтті.