Есіл дәрігерлері нұротандықтарға дән риза

Есіл дәрігерлері нұротандықтарға дән риза

Есіл дәрігерлері нұротандықтарға дән риза
ашық дереккөзі
Әлемдік пандемия біздің мемлекетімізді де айналып өтпегені белгілі. Осы елімізде белең алған пандемиямен күресуде аянбай еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсету бізге парыз. Бүгінде Есіл аудандық ауруханасында да коронавирусқа шалдыққан және оған күдікті науқастарды емдейтін инфекциялық және провизорлық стационарлар жұмыс істеуде. Терапевт дәрігер Екатерина Шлегель провизорлық бөлімше ашылғалы бері күні-түні науқастардың жанынан табылып, олардың сауығып кетуі үшін қолынан келген көмегін көрсетуде.  width= Жиырма орынға арналған провизорлық стационар бүгінде лық толы. Онда өкпенің пневмониясына шалдыққан науқастар ем қабылдап жатыр. Екатерина Шлегель қауіпті індетті жеңу үшін әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс істеп, жас мамандарға білгенін үйретуде. Ақ халатты абзал жан науқастарға өте ұқыпты қарайды. Оның осы ауруханада жұмыс істеп келе жатқанына он жылдан асты. Кенеттен келген індет адамзат баласын есеңгіретіп тастаса да, Гиппократ антына адалдықтарын көрсетіп, адам жанына араша бола білген дәрігерлерге есілдіктердің де алғысы зор.  width= «Бұл вирустан отбасымызды және достарымызды аман алып қалу үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейік».  Nur Otan партиясының бастамасымен қолға алынған «Жақыныңа өмір сыйла» жобасының ұраны осындай. Акция ұйымдастырушылары Целиноград ауданы тұрғындарын бір-біріне көмектесуге шақырды. «Capital Progects LTD» ЖШС Ақмола ауылындағы провизорлық стационарға медициналық құрал-жабдықтар, ең алдымен ИВЛ-аппараттар сатып алуға үш миллион теңге бөлді. Ауыл тұрғындары акцияны ұйымдастырған нұротандықтарға алғысын білдірді.