Қызылордада партиялықтар дәрі-дәрмектің таратылуын тексерді

Қызылордада партиялықтар дәрі-дәрмектің таратылуын тексерді

Қызылордада партиялықтар дәрі-дәрмектің таратылуын тексерді
ашық дереккөзі
Бүгін Қызылорда облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары А.Жарылқасыновтың жетекшілігімен мониторингтік топ Қызылорда қаласында орналасқан бірқатар дәріханаларда дәрі-дәрмектің босатылу бағасына мониторинг жүргізді. Атап айтқанда, «Чингиз», «Зерде», «Фармсервис» желілерінің дәріханаларында болды.  width= width= width=
2020 жылдың 21 шілде күні жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмекке сұраныстың азайғандығы аңықталды. Дәрі-дәрмек тапшылығы өткен апталармен салыстырғанда өз шешімін тапқан. Дәріхана меңгерушілері тұрғындарға дәрілердің тек рецептпен босатылатынын және өз тараптарынан сатылымда жоқ дәрілердің орнына балама нұсқаларын ұсынып жатқандарын жеткізді.  width= Естеріңізге сала кетсек, мониторингтік жұмыстың мақсаты дәріханалардағы қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына жол бермеу, кезегін күтіп тұрған тұрғындар арасында қауіпсіз арақашықтың сақталуын бақылау, қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардың бетперделік режимін сақтау, антисептикалық құралдар мен қолғаптарды міндетті түрде пайдалану. Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қадағалау облыстық партия филиалының тікелей бақылауына алынды, тиісті мониторинг жұмыстары жалғаса беретін болады. Мадияр ТӨЛЕУ