COVID-19: балалар арасында өлім-жітім тіркелген жоқ

COVID-19: балалар арасында өлім-жітім тіркелген жоқ

COVID-19: балалар арасында өлім-жітім тіркелген жоқ
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтырған жүзден астам бала ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты. «Қазіргі таңда республика бойынша коронавирус жұқтырғаны расталған 73,4 мыңнан асты. 61,8 пайызы емделіп шығып отыр. Пневмониямен ауырып жатқан адамдардың саны ауруханаларда 8 мыңға жуық. Осы 8 мың науқастың ішінде мамыр айынан бастап 1 мыңнан астам бала ауырды. Қазір жүзден астам бала емханада ем алуда. Балалар коронавирус инфекциясының өте жеңіл түрімен ауырып жатыр. Балалар арасында осы инфекциядан ешқандай өлім-жітім тіркелген жоқ», – деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.