Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы тұрғындардың шағымына сәйкес Түркістан облысындағы дәріханаларды тексерді

ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы тұрғындардың шағымына сәйкес Түркістан облысындағы дәріханаларды тексерді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына түскен шағымдарға сәйкес, Отырар, Бәйдібек, Шардара, Созақ, Төлеби аудандарындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді. Оған партия өкілдері, партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты. «Пандемия жұртшылыққа өте қиын тиіп жатыр. Науқастанғандар көп. Дегенмен соңғы бір-екі күн көлемінде жағдай сәл тұрақталған секілді. Бірақ босаңсуға жол жоқ. Дәрі-дәрмек бағасын бақылауда ұстап, қадағалауды күшейткен жөн. Өйткені әлі де кей дәріханаларда дәрі қоры жеткіліксіз болуы мүмкін», – дейді ол.