«Nur Otan» партиясы тұрғындардың шағымына сәйкес Түркістан облысындағы дәріханаларды тексерді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына түскен шағымдарға сәйкес, Отырар, Бәйдібек, Шардара, Созақ, Төлеби аудандарындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді. Оған партия өкілдері, партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты.

77568E77 4F68 4C65 9323 22ABBCEC132B

Мониторинг барысында атқарылған жұмыстар да, кемшіліктер де анықталды. Дәріханалар дәрі-дәрмектермен толыға түскен. Дәрі бағасын бірнеше есе қымбатқа сату үрдісі де толастаған. Дегенмен ауылдарда әлі де дәрі тапшылығы мен қымбатшылығы бар. Мониторинг топ құрамында болған Созақ аудандық мәслихатының депутаты Б.Тұрғанбаев тұрғындардың талап-тілегі бойынша тексеру жұмыстары тоқтамайтынын айтады.

3B341CB7 3D05 45D4 9E68 F9FBE79BC1BA

«Пандемия жұртшылыққа өте қиын тиіп жатыр. Науқастанғандар көп. Дегенмен соңғы бір-екі күн көлемінде жағдай сәл тұрақталған секілді. Бірақ босаңсуға жол жоқ. Дәрі-дәрмек бағасын бақылауда ұстап, қадағалауды күшейткен жөн. Өйткені әлі де кей дәріханаларда дәрі қоры жеткіліксіз болуы мүмкін», – дейді ол.

3AC05361 779B 4DDC 946A 1D9391A252E5

Түркістан облысында коронавирус індетіне күресті күшейту бағытында өзге де жұмыстар қолға алынып жатыр.

Өңірдегі 16 аудан және қала әкімдері, партия филиалдарының төрағалары кестеге сәйкес, күн сайын тікелей эфирге шығып, коронавирустың таралуын шектеу бағытындағы жұмыстарын баяндайды. Тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Партия филиалдары облыс көлемінде дәріханаларға мониторинг жұмыстарын және тұрғындар мен дәрігерлерді қолдау бағытындағы акцияларын жалғастыра береді.

Back to top button