Семейде «Nur Otan» партиясының бақылау комиссиясы фармацевтикалық қоймаларды аралады
Семейде «Nur Otan» партиясының бақылау комиссиясы фармацевтикалық қоймаларды аралады
Семейде мониторинг жүргізу бойынша уақытша мобильді топ «Медсервис +», «Іңкәр», «Аманат» көтерме фармацевтикалық қоймаларына барды.
Мобильді топ көтерме қоймаларға дәрі-дәрмектердің жеткіліксіз мөлшерде келіп түсуіне байланысты, дәріханалық бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын атап өтті. Жұмыс тобы алдағы уақытта да Семей қаласының дәріханаларына мониторинг жұмысын жалғастыратын болады.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Шығыс Қазақстан облысының филиалы 21 шілде күні қоғамдық орындарда бетперделер таратты. Еріктілердің мақсаты: өңірде болып жатқан карантин шараларына байланысты қоғамдық орындарда азаматтардың сақтық шараларын қамтамасыз ету. Азаматтардың бетперделерді тағуын жүйелі жүзеге асыру және қоғамдық орындардағы әр азаматтың жауапкершілігін арттыру болды.