Семейде «Nur Otan» партиясының бақылау комиссиясы фармацевтикалық қоймаларды аралады

Семейде «Nur Otan» партиясының бақылау комиссиясы фармацевтикалық қоймаларды аралады

Семейде «Nur Otan» партиясының бақылау комиссиясы фармацевтикалық қоймаларды аралады
ашық дереккөзі

Семейде мониторинг жүргізу бойынша уақытша мобильді топ «Медсервис +», «Іңкәр», «Аманат» көтерме фармацевтикалық қоймаларына барды.

 width= Мобильді топ құрамына қалалық мәслихаттың хатшысы, «Nur Otan» партиясы фракциясы қалалық мәслихатының депутаты, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі және дәріханалар өкілдері кірді.

 width= Мобильді топ көтерме қоймаларға дәрі-дәрмектердің жеткіліксіз мөлшерде келіп түсуіне байланысты, дәріханалық бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын атап өтті. Жұмыс тобы алдағы уақытта да Семей қаласының дәріханаларына мониторинг жұмысын жалғастыратын болады.

 width=

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ерлан Арнаұлы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Еділ Еркінұлы, партияның аудандық филиалының кеңесшісі Қуат Маратұлы, ҚР ШҚО Қоғадық денсаулық сақтау департаментінің Абай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы РММ (СЭС) жетекші маман-заңгері Айбек Манарбекұлы «Қазақстан Республикасының азаматтарымен медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету» жөніндегі жұмыс Жоспарына сәйкес аудан орталығында орналасқан дәріханада дәрі-дәрмектердiн халық үшін қолжетімділігі мен сатылу бағасына  мониторинг жүгізді.

Мониторинг барысында дәрі-дәрмектердің бағасын себепсіз қымбаттату фактілері анықталған жоқ.

 width= Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Шығыс Қазақстан облысының филиалы 21 шілде күні қоғамдық орындарда бетперделер таратты.  width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біздің міндетіміз – халықты тегін бетпердемен қамтамасыз ету. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі! Іс-шара Өскемен қаласында «Арбат», «Жамбыл атындағы саябақ» және «Қасым Қайсенов атындағы саябағы» маңайында ұйымдастырылды.  width= Еріктілердің мақсаты: өңірде болып жатқан карантин шараларына байланысты қоғамдық орындарда азаматтардың сақтық шараларын қамтамасыз ету. Азаматтардың бетперделерді тағуын жүйелі жүзеге асыру және қоғамдық орындардағы әр азаматтың жауапкершілігін арттыру болды.  width= Қала тұрғындары белсенділердің оларға қамқорлық жасап, тегін бетперде таратып жатқанына қуанып, алғыс білдірді. Карантиннің негізгі мақсаты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау. Сондықтан тұрғындардан карантин режимін сақтауды, сақ болуды және ерекше қажеттіліксіз үйлерінен шықпауын сұраймыз.