Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек кезең-кезеңімен жанданады – министр

Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек кезең-кезеңімен жанданады – министр

Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек кезең-кезеңімен жанданады – министр
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы медициналық, сонымен бірге жоғары технологиялы көмек көрсетуді кезең-кезеңімен іске қосу жобасын әзірледі. «Жоспар бойынша, бұл қызмет халыққа аз бейінді профильде қызмет көрсету мен COVID-19 індетіне қарсы медициналық ұйымдардың дәрежесіне қарай екі кезеңмен қалпына келеді», – деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Министр стационарлардағы төсек-орын толымдылығы – 50 пайыз екенін, дезинфекциялық өңдеуден кейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен профильді және жоспарлы төсек-орын саны 50 пайызға артатынын жеткізді. «Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын сапалы жүзеге асыру бойынша шаралар кешенін әзірлеуде», –деді А.Цой.