#BizBirgemiz: «Nur Otan» партиясы медицина ұйымдарына жан-жақты көмек көрсетуде

#BizBirgemiz: «Nur Otan» партиясы медицина ұйымдарына жан-жақты көмек көрсетуде

#BizBirgemiz: «Nur Otan» партиясы медицина ұйымдарына жан-жақты көмек көрсетуде
ашық дереккөзі
#BizBirgemiz республикалық акциясының шеңберінде мұқтаж жандарды антисептикалық құралдармен, медициналық маска және азық-түлікпен қамту шаралары жалғасуда. Бұдан өзге, қазіргі күрделі кезеңде «Nur Otan» патриясы аймақтық филиалдары, белсенді нұротандықтар, жергілікті меценаттар және қарапайым тұрғындар медицина ұйымдарына жан-жақты көмек көрсетуде. «Nur Otan» партиясы Сатпаев қалалық филилалы «СПТВС» ЖШС және партия ардагері Қорғабай Күлшәріппен бірлесіп медицина ұйымдарына қолдау көрсетті. Сатпаев қаласындағы Орталық қалалық аурухананың медициналық-санитарлық бөліміне, Туберкулезге қарсы диспансерге 200 литр қымыз, 50 келі ет және басқа дәруменге бай азық-түліктер жеткізілді. «Nur Otan» партиясы Нұра аудандық филиалы Ахмет ауылындағы «Жер» шаруа қожалығымен бірігіп осы аудандағы Орталық ауруханаға 100 литр қымыз жеткізіп берді.  width= Ұлытау ауданының тұрғыны, шаруа қожалығының басшысы Даурен Байболов осы аудандағы Орталық ауруханада ем алып жатқан жерлестеріне 200 келі ет, 30 литр қымыз және 100 келіден көп көкөніс, жеміс-жидектер жеткізді. Бұхар жырау ауданының құрметті азаматы, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, айтыскер, ақын Айтбай Жұмағұл өз қаражатына өкпені жасанды желдету аппаратын (ИВЛ) алып, аудандық ауруханаға сыйға тартты. Жақын уақытта бұл құрылғы Ботақара ауылындағы ауруханаға жеткізілмек.  width= Баймырза ауылының тұрғыны, кәсіпкер 180-нен астам мұқтаж отбасына көмек көрсетті, ол ет, қымыз және басқа азық-түлікпен қамтамасыз етті. Қарағанды облысында #BizBirgemiz республикалық акциясының шеңберінде мұқтаж жандарға көмек көрсету шаралары жалғасып жатқанын ерекше атап өткен жөн. Жергілікті тұрғындар, меценаттар, кәсіпкерлер және еріктілер тобы бұл іске белсенді атсалысуда.