Жаңалықтар

#BizBirgemiz: «Nur Otan» партиясы медицина ұйымдарына жан-жақты көмек көрсетуде

ашық дереккөзі

#BizBirgemiz: «Nur Otan» партиясы медицина ұйымдарына жан-жақты көмек көрсетуде

#BizBirgemiz республикалық акциясының шеңберінде мұқтаж жандарды антисептикалық құралдармен, медициналық маска және азық-түлікпен қамту шаралары жалғасуда. Бұдан өзге, қазіргі күрделі кезеңде «Nur Otan» патриясы аймақтық филиалдары, белсенді нұротандықтар, жергілікті меценаттар және қарапайым тұрғындар медицина ұйымдарына жан-жақты көмек көрсетуде. «Nur Otan» партиясы Сатпаев қалалық филилалы «СПТВС» ЖШС және партия ардагері Қорғабай Күлшәріппен бірлесіп медицина ұйымдарына қолдау көрсетті. Сатпаев қаласындағы Орталық қалалық аурухананың медициналық-санитарлық бөліміне, Туберкулезге қарсы диспансерге 200 литр қымыз, 50 келі ет және басқа дәруменге бай азық-түліктер жеткізілді. «Nur Otan» партиясы Нұра аудандық филиалы Ахмет ауылындағы «Жер» шаруа қожалығымен бірігіп осы аудандағы Орталық ауруханаға 100 литр қымыз жеткізіп берді. Баймырза ауылының тұрғыны, кәсіпкер 180-нен астам мұқтаж отбасына көмек көрсетті, ол ет, қымыз және басқа азық-түлікпен қамтамасыз етті. Қарағанды облысында #BizBirgemiz республикалық акциясының шеңберінде мұқтаж жандарға көмек көрсету шаралары жалғасып жатқанын ерекше атап өткен жөн. Жергілікті тұрғындар, меценаттар, кәсіпкерлер және еріктілер тобы бұл іске белсенді атсалысуда.