Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы дәріханаларға рейд жүргізді

ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы дәріханаларға рейд жүргізді

Бүгін Ерейментау аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Абжиков және аудандық партия филиалы бақылау комиссиясы мүшелері (құрамында аудандық маслихат депутаттары) Ерейментау қаласы бойынша орналасқан дәріханаларға рейд жүргізді. Рейдтің басты мақсаты –дәріханалардың аудан тұрғындарын қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамту және белгіленген бағаның өспеуі. Себебін анықтау мақсатында жеткізуші жауапкершілігі шектеулі серіктестік иелерінің байланыс деректері алынып, ЖШС басшыларының атына толық ақпарат алу үшін «сұраныс хат» әзірленуде. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Көкшетау аймақтық филиалы бақылау комиссиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдық алаңы» кеңсесінің мүшелері тұрғындардың дәрі-дәрмекпен қамтылуы және препараттардың белгіленген құнының сақталуына мониторинг жүргізді. 20 шілде мониторинг тобы «Здоровье» дәріхана желісінің филиалдарын тексерді, нәтижесінде, сұранысқа ие дәрілерді негізсіз қымбаттату фактілері тіркелген жоқ.