«Nur Otan» партиясы дәріханаларға рейд жүргізді

«Nur Otan» партиясы дәріханаларға рейд жүргізді

«Nur Otan» партиясы дәріханаларға рейд жүргізді
ашық дереккөзі
Бүгін Ерейментау аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Абжиков және аудандық партия филиалы бақылау комиссиясы мүшелері (құрамында аудандық маслихат депутаттары) Ерейментау қаласы бойынша орналасқан дәріханаларға рейд жүргізді. Рейдтің басты мақсаты –дәріханалардың аудан тұрғындарын қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамту және белгіленген бағаның өспеуі.  width= Рейд қорытындысы бойынша дәріханалардың сұранысы толық орындалмайтыны анықталды, дәрі-дәрмектерді жеткізуші фирмалар Парацетамол, Ацетилсалицил қышқылы, Цефазолин сынды дәрілермен жергілікті тұрғындарды толық қамтамасыз ете алмай отыр.  width= Себебін анықтау мақсатында жеткізуші жауапкершілігі шектеулі серіктестік иелерінің байланыс деректері алынып, ЖШС басшыларының атына толық ақпарат алу үшін «сұраныс хат» әзірленуде. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Көкшетау аймақтық филиалы бақылау комиссиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдық алаңы» кеңсесінің мүшелері тұрғындардың дәрі-дәрмекпен қамтылуы және препараттардың белгіленген құнының сақталуына мониторинг жүргізді. 20 шілде мониторинг тобы «Здоровье» дәріхана желісінің филиалдарын тексерді, нәтижесінде, сұранысқа ие дәрілерді негізсіз қымбаттату фактілері тіркелген жоқ.  width= Дейтұрғанмен, тексеріс барысында бірқатар дәрі-дәрмектің жетіспейтіні анықталды. Дәріхана қызметкерлері тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары екенін, десе де, бірқатар медикаменттердің жетпей жатқанын тілге тиек етті. Айта кетейік, дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына жол берген дәріханалармен бетпе-бет келсеңіз, +7 702 000 24 94 WhatsApp номеріне аудиохабарлама жолдай аласыз. Осы орайда, «Nur Otan» партиясына күн сайын көмек сұрап хабарласатын азаматтардың көп екенін және карантин жағдайына қарамастан партияның қоғамдық қабылдауы қашықтан жұмыс істеп жатқанын ерекше атап өткен жөн. Партияның Ақмола облыстық филиалы қоғамдық қабылдауының жетекшісі Ақманат Әлімбетова күн сайын отыздан астам адам көмек сұрап хабарласатынын айтады. Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауына 9 500-ден көп қоңырау шалынған, оның 80 пайызы – әлеуметтік мәселелер турасында болса, 20 пайызы – кеңес алу мақсатында хабарласқан. Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалының барлық қызметкері штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Алайда, қазіргі карантин шектеулеріне байланысты азаматтарды қабылдау онлайн жүзеге асуда.