«Nur Otan» белсенділері тараздық дәрігерлерге қолдау білдірді

«Nur Otan» белсенділері тараздық дәрігерлерге қолдау білдірді

«Nur Otan» белсенділері тараздық дәрігерлерге қолдау білдірді
ашық дереккөзі
«Медицина қызметкерлеріне мың алғыс! Дәрігерлерге демеу бол!». Осындай ұранмен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен жергілікті жасотандық жастар Тараз қалалық балалар ауруханасына азық-түлік апарып, 2 тонна ауыз су жеткізді.  width= №13-ші «Бәйткерек» шағын ауданында орналасқан медициналық мекемеде бүгінгі күні 150 науқас емделіп жатыр. Коронавирус кеселімен күрескендерге үлес – оларға көмек көрсетуіміз. Сондықтан күндіз-түні кірпік ілмей науқастардың сырқаттан сауығып кетуіне барын салған сала мамандарына қандай жәрдем жеткізсек те жарасады. Қиын кезеңде қалтарыста қалуға болмайды. Үй бетін көрмей, отбасынан жырақта жүрген жандар – өзге өмірді өлімнен арашалап жүр. Осы ерліктері ойымызда. Естен шығармауымыз керек.  width= «Әрине бұл міндеттері. Таңдаған мамандықтары» деп айтуыңыз да мүмкін. Алайда алғыс айтуға тұратын денсаулық сақшыларының мүлтіксіз міндеті мен қызметіне қарыздармыз. Басын бәйгегеге байлап жүрген жандардың да жанын жадыртып, бір сәтке болса да көңілін ауладық. Еңбектері ерен екенін еске салып, алғыс айттым. Жақсы сөздер айтып, жігерлендірдік. Өйткені, олар да адам. Оларға да көңіл керек. Дәрігерлер де депрессияға түсуі мүмкін. Жақындарынан жырақта жүр. Қиналғандармен бірге қиналып, кеселдің кесірін күнделікті көріп жүрген де солар. Сіздің әр жақсы сөзіңіз психологиялық күш ретінде көмек болады. Кім не десе де: алдымен ақ халаттылар ғой, осы аурудың ошағында жүрген. Оңай емес. Ойласаң қорқынышты. Адам денсаулығы үшін күзетте тұрған медицина саласы мамандарына басымызды иеміз. Барымызбен бөлісеміз. Елдің тағдыры сіздердің қолда. Анттарыңызға адал болып, адам емдеуде күш-жігерлеріңіз сарқылмасын.  width= Біз мұнымен тоқтамаймыз. Ертең тағы 4 ауруханаға азық-түлік апарып, сумен қамтимыз. «Тәтті себет» дүкендер желісіне рақмет. Осы ортақ іске жұмылып, қолдау көрсетуге асықтық. «Nur otan» қатарындағы депутаттарымыз да дем болуға тырысып, көмек көрсеткені жайлы алдында айттым, жаздым.  width= Жақсылық жасау жолында жарысқа түсейік. Жақсы істеріміз жарты жолдан тоқтамақ емес. Ізгі істеріміз тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Балабек Нарбаев