Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

Білім гранттарына өтініш қабылдау мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылды

Білім және ғылым министрлігі білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылғанын жариялады.

Бұл шешімді Білім министрлігі талапкерлердің өтініштері бойынша қабылдап отыр.

«Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады: eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген) және ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі)», – деп хабарлайды министрліктен.

Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button