Волонтерлер қарағандылық дәрігерлердің тілегін орындады
Волонтерлер қарағандылық дәрігерлердің тілегін орындады
Коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында «Nur Otan» партиясы, партияның облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының өкілдері облыс бойынша «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясын өткізуде.
Акцияны еріктілер, меценаттар, партияның белсенді мүшелері және депутаттар қолдады. Бірнеше апта бойы Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы базасында инфекциялық-провизорлық госпитальға қолдау көрсетілуде. Онда күн сайын 2 ауысымда 120-дан астам медицина қызметкері еңбек етуде.
«Алғыс пакеті» медицина қызметкерлерінің тілектерін ескере отырып жасақталды. Олар ыстықта күн бойы арнайы костюмдер, маскалар мен қолғаптарды киіп жүруге мәжбүр. Аталған жиынтықта осы ыңғайсыздықтарды жеңілдету үшін барлық қажетті нәрсе бар. Біздің дәрігерлер үшін әр «Алғыс пакетіне» қол кремі, ылғалды майлықтар, иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер, атап айтқанда: бал, лимон, минералды су, табиғи сусындар және басқа да өнімдер салынды.
Біз, партия филиалының жастары, жасотандықтар мен партиялықтардың атынан біздің батыр-медиктерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Инфекцияны тез жеңуді, аурудан айығуды және барлық қазақстандықтарға денсаулық тілейміз! Бұл кезеңде біз бір-бірімізді сақтап, бірлесуіміз қажет. Қарағандылықтарды бетперде киіп, карантиндік шараларды сақтауға шақырамыз. Бұл біздің дәрігерлерімізге ауыр науқастарға дер кезінде және сапалы көмек көрсетуге және инфекцияны жеңуге үлкен мүмкіндік береді», - деді «Jas Otan» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының белсендісі Оразбек Айман.
«Jas Otan» ЖҚ 50-ден астам еріктісі бірнеше апта бойы өз отбасыларынан оқшаулауға мәжбүр болатын орта буын медицина қызметкерлері үшін «Алғыс пакеттерін» таратуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.