ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар азаматтар санаты аталды

ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар азаматтар санаты аталды

ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар азаматтар санаты аталды
ашық дереккөзі
МӘМС қаражаты есебінен ПТР-тестілеуден тегін өтуге кімдердің мүмкіндігі бар? Медициналық сақтандыру қоры індет жұқтырған-жұқтырмағанын ақысыз анықтай алатын азаматтар санатын атады.  Бірінші кезекте - инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тексерілуі керек. Келесі санат - провизорлық стационардағы коронавирус белгілері бар пациенттер.  ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар да емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен тестілеуден тегін өте алады. Аталған топты тестілеу үшін қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалармен шарт жасасқан. Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларына да ақысыз жасалады. Бұдан бөлек, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер де ПТР-тест тапсырады, бұған жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер жатады. Еске сала кетейік, 8 шілдеде жасаған телевизиялық үндеуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде халықтың ПТР тестілеуден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізілетінін мәлімдеген. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, денсаулық сақтау жүйесінің алдында қазақстандықтарды 100 пайыз тестілеу міндеті тұрған жоқ. Негізгі мақсат - аурудың алғашқы белгілері бар науқастарды тестілеуге басымдық беріп, дер кезінде көмек көрсету арқылы вирустың ауыр түрге өтіп кетуіне жол бермеу.