Жаңалықтар

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады

ашық дереккөзі

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады

Биыл қазақстандықтар тамыз айында 20 жұмыс күн жұмыс істеп, 11 күн демалады. Бұл туралы электронды үкімет сайтында хабарланды.  Күнтізбедегі сенбі мен жексенбіден бөлек, қазақстандықтар 31 тамызда да демалатыны белгілі болды. Бұл күн күнтізбеде қызыл түспен боялып тұр. Өйткені 30 тамыз жексенбіге түскен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнінің демалысы дүйсенбіге ауыстырылмақ. Ал шілде айында ел тұрғындары 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады. Себебі 6 шілде, елорда күні дүйсенбіге тура келгендіктен, қатарынан үш күн демалыс берілді. Сонымен қатар, Құрбан айт 31 шілдеге, яғни жұма күнге түсіп тұр. Осылайша, шілденің соңында да қазақстандықтарды қатарынан үш күн демалыс күтеді.