Жаңалықтар

Чехиялық кәсіпкерлер Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

ашық дереккөзі

Чехиялық кәсіпкерлер Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшісі Марат Тәжиннің өтініші бойынша бірқатар чех кәсіпкерлері елімізге медициналық жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдары мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдарды жіберді, деп хабарлайды zakon.kz.  Атап айтқанда, "Sonnenenergie" компаниясының бас директоры Ян Сонненшайн пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылатын Америкада өндірілген оттегіге арналған бірқатар конденсаторларды сатып алды. Қазақстанның Чехиядағы құрметті консулы Карл Долейши медициналық қызметкерлерге арналған көптеген қорғаныш костюмдерін сатып алды. Сондай-ақ, "OMNIPOL" корпорациясы бірқатар медициналық заттарды жеткізді. Қазақстанның Чехиядағы елшісінің айтуынша, аталған медициналық өнімдердің барлығы 20 шілдеде Нұр-Сұлтанға жеткізіліп, әрі қарай тарату үшін "СК-Фармация" ЖШС-не жіберілген.