42 500 теңге: Әлеуметтік төлем 880 мың адамға тағайындалды

42 500 теңге: Әлеуметтік төлем 880 мың адамға тағайындалды

42 500 теңге: Әлеуметтік төлем 880 мың адамға тағайындалды
ашық дереккөзі
Бір миллионнан астам адам 42 500 теңгеге өтінім берген, әлеуметтік төлем 880 мың қазақстандыққа тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.  "20 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша азаматтардан шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға 1 миллион 55 мың өтініш қабылданды. Төлем 880 мың адамға тағайындалды", - деп мәлімдеді министрліктің ресми сайты. 1 миллион 55 мың өтінімнің ішінде:
  • 688,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 271,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 50,3 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 44,8 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаты бойынша:
  • 688,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден түсті (проактивті форматта);
  • 15,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 350,6 мың өтініш басқа санаттардағы азаматтардан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Президенттің тапсырмасымен табысынан айырылған қазақстандықтарға шілде айына 42 500 теңге төленеді. 16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілерге sms-хабарлама жіберілді. 18 шілдеден БЖТ төлеушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтінім бере алады. Төлемді проактивті, яғни өтінішсіз тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа арналар арқылы өтінім берудің қажеті жоқ, деп нақтылады министрлік. 17 шілдеден жеке кәсіпкерлерден, жеке практикамен айналысатын адамдардан, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан өтінім қабылданып жатыр. Жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші береді. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініш қабылдау 19 шілдеде басталды. Өтінім қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.