Президент Әкімшілігінің өтініштерді қабылдауды бақылау бөлімінің жұмысы қорытындыланды (видео)
Президент Әкімшілігінің өтініштерді қабылдауды бақылау бөлімінің жұмысы қорытындыланды (видео)
2019 жылдың 22 шілдесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қабылдауды бақылау бөлімі құрылды.
Бөлімнің құрылуы Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға жылжыту бойынша маңызды қадам болды.
Өз жұмысының алғашқы жылында бөлім барлық келіп түскен өтініштерді өңдеу сапасын арттыруға назар аудара отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін қалыптасу кезеңінен өтті.
Бөлім құрылған сәттен бастап 30 мыңнан астам өтініштер қабылданған немесе ай сайын орташа есеппен 2,5 мың өтініштер келіп түсті.
Азаматтарды жеке қабылдау барысында 1800-ге жуық адам қабылданды.
2018 жылмен салыстырғанда Президент әкімшілігіне жүгінген өтініш берушілердің белсенділігі 40% артты.
Президент Әкімшілігіне түсетін әрбір өтініш мемлекеттік органдар-орындаушылардың көтерілетін мәселелерді анықтау сапасын бағалайтын Бөлімнің бақылауына қойылады.
Бөлім түскен өтініштердің ауқымын талдай келе өтініш берушіні толғандаратын жиі туындайтын мәселелерді анықтайды және мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Өтініштерді қарау сапасына жүйелі бақылау жүргізуді қамтамасыз ету өтініш берушінің қанағаттану деңгейін арттырудың, билік органдарына деген сенімді нығайтудың маңызды факторы болуда.
https://www.youtube.com/watch?v=1RAIiSPoBC4&feature=youtu.be