Жаңалықтар

Сауд Арабиясы қажылыққа келушілерді қабылдауға дайын

ашық дереккөзі

Сауд Арабиясы қажылыққа келушілерді қабылдауға дайын

Сауд Арабиясы қажылықтың жаңа маусымына дайын. Бұл туралы қажылық қауіпсіздігі күштерінің қолбасшысы Заед аль-Тувайлан мәлімдеді, деп хабарлады Синьхуа. Аль-Тувайланның айтуынша, елдің қауіпсіздік күштері қажылыққа келушілердің қорғанысын қамтамасыз етудің барлық шараларын қамдап үлгерген.  Биыл Сауд Арабиясына 160 елдің азаматтары барады деп күтілуде. «Бұл коронавирустық инфекциядан қажыларды сақтау үшін шұғыл шаралар қабылданған ерекше маусым болады», - деді Заед аль-Тувайлан. Пандемия басталғалы корольдікте 250 920 адамнан коронавирус анықталған. Індеттен 2486 науқас қайтыс болды. Еске сала кетейік, 23 маусымда Сауд Арабиясының билігі шетелдікге қажылыққа келуге тыйым салған. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты Мекке мен Мәдинаға корольдік аумағында тұратындар ғана барып,  парызын өтей алады. Ал өткен жылы қажылыққа 2,5 миллионға жуық адам барған.