COVID-19: Францияда індет қайта өрши бастады

COVID-19: Францияда індет қайта өрши бастады

COVID-19: Францияда індет қайта өрши бастады
ашық дереккөзі
Франциялықтар барлық жабық қоғамдық орындарда маска тағуға тиіс. Ел билігі тұрғындарға вокзалда, әуежайда, банктер мен поштада, дүкендер мен шіркеулерде маска тағуды міндеттеді, деп хабарлайды Euronews.  Франция үкіметінің талапты қатаңдатуына елде індет жұқтырғандардың қайта көбеюі себеп. Елде коронавирустың қайта оралу белгілері бар екенін президент Эмманюэль Макронның өзі де мойындап отыр. Алайда оның сөзінше, билік бұған дайын.  Соңғы аптада елде COVID-19 белгілері бар науқастардың жедел жәрдем шақыруы жиілеп кеткен. Бір апта ішінде 600-ден астам адам ауруханаға жатқызылған. Олардың 70-і қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Індеттің жаңа ошақтары елдің барлық аумағында анықталды. Әсіресе, төрт департаментте, Француз Гвианасында, Майоттада, Майен мен Жирондада жағдай қауіпті. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанына қарамастан француздардың көбі жазғы демалысын теңізде өткізуде. Адамға лық толы жағажайларда әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы індеттің өршуіне әкеліп соғуда. Пандемия басталғалы Францияда 175 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Қатерлі індеттен 30 мыңнан аса науқас көз жұмды.