Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада өрт шықты

19 шілде, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада өрт шықты Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада өрт шығып, барлығы 76 адам эвакуацияланды. Оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы 5.54-те тіркелді. Тұрар Рысқұлов көшесі бойында орналасқан жатақхананың екінші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт сол балконның үстінде орналасқан өзге балкондарға тарап кеткен. «Өрттен барлығы 76 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 15-і бала. Өрт 6.21-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар саласынан барлығы 32 қызметкер мен 10 техника жұиылдырылды», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.