Той өткізген тұрғындарға 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Сондай-ақ!

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған...

Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейсі ашылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық...

Саунада мақтанған судья қызметінен кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде саунада демалып отырған судья мен прокурордың видеосы тараған болатын. Жазба авторы карантин кезінде Алматы облысының прокуратурасы мен аудандық сот қызметкерлерінің саунада демалып...

Қазақ-қырғыз шекарасы 1 наурызға дейін жабылды

Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден бекеті жабылатынын хабарлады. 2021 жылдың 1 наурызына дейін қырғыз-қазақ шекарасындағы «Қарқара автожолы» – «Кеген автожолы» бақылау-өткізу бекеті уақытша...

Батыс Қазақстан облысында той өткізген тұрғындарға 1,5 млн теңге айыппұл салынды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Facebook-тегі парақшасында мәлім еткеніндей, той өткізуге ниеттілер әлі де бар.

«Кеше көшеде бір жас жігіт жақындап, үйлену тойын өткізуге рұқсат сұрады. Тойға көп адам шақырмаймыз, қонақтар саны 30 адамнан аспайды деді. Мен неге той-томалақтар өткізуге болмайтынын түсіндірдім, ол бәрін ұққандай болып кетті. Айтайын деген ойым, біздің арамызда кейбір адамдарға тойлар мен садақалар туысқандары мен достарының денсаулығынан маңызды болып отыр», –деп жазды өңір басшысы.

Облыс аудандарында 5-17 шілде аралығында мониторингтік топтар көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салу ережелерін бұзған тұрғындарды анықтады. Әкім келтірген деректеріне қарағанда, Жәнібек ауданында (Жәнібек ауылы, Борсы ауылы), Теректі ауданында (Федоров ауылы, Абай ауылы), Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында 50 адамға дейін жиналған үйлену тойлары өткен. Ұйымдастырушылар мен той иелеріне 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Осы аудандарда коронавирустың таралу қаупі бар. Сондықтан аталған аудандар тұрғындары жерлестерінен осындай шараларды өткізбеуді талап етуі тиіс. Егер тойлар мен садақалар жалғаса беретін болса, онда бұл аудандардағы жағдай күрделене түседі. Онсыз да өңірде дәрігерлер мен медбикелер тапшылығы әлі де бар», – деді өңір басшысы.

Ғ.Есқалиев сонымен қатар кейбір аудандарда, ауылдық жерлерде оң өзгерістер бар екендігін жеткізді. Жақында облыс басшысы Тасқала ауданында іссапармен болған кезінде дәрігерлер аудандық ауруханаға келетін науқастар саны азайғанын атап өткен.

Бүгінде ауданда 3 жылжымалы медициналық топ құрылған. Олардың белсенді жұмыстарының арқасында қоңыраулар саны 3 есе кеміген. Мысалға, бір апта бұрын 35 қоңырау түскен болса, бүгінгі күні 11 қоңырауға дейін кеміген.

Сондай-ақ аудандық аурухананың дәрігерлері Telegram мессенджерінде топ ашып, аудан тұрғындарына онлайн-кеңестер өткізіп жатыр.

Жергілікті кәсіпкерлер мен облыстың белсенді азаматтарының есебінен көршілес Саратов облысынан аудандық ауруханаға қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынған. Стационарлық және амбулаториялық ем алушылар тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Барлық ауылдық округтерге дәрі-дәрмектерді арнайы медицина қызметкерлері жеткізіп жүр. Оған қоса пандемия кезінде ауылдық округ тұрғындары дәрі-дәрмектерді аудан, облыс орталықтарына бармай-ақ, ауылдық ФАП арқылы тапсырыс беріп ала алады.

«Ең бастысы, аудан халқы қазіргі жағдайды жақсы түсініп, той-томалақтарды өткізбеу туралы шешім қабылдаған. Тәртіпке бағыну арқылы тасқалалықтар бұрынғы өмір ырғағына тез келеді деп сенемін. Өкінішке қарай, облыс аудандарында эпидемиологиялық жағдай әртүрлі. Барлық аудан қалыпты өмір ырғағына қайта оралуы үшін бәріміз жауапкершілікті арттыруымыз қажет. Қарым-қатынасты азайту арқылы туыстарымыз бен достарымыздың өмірлерін сақтап қаламыз. Сонда ғана бізде науқастар саны азаяды. Бұл біздердің дәрігерлерге көрсеткен үлкен көмегіміз болады», – деп түйіндеді ойын облыс әкімі.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен теңестірді

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік...

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын...

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорданың хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің...

Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен...

Саунада мақтанған судья қызметінен кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде саунада демалып отырған судья мен прокурордың видеосы тараған болатын. Жазба...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...