Мемлекеттік органдар жұмысын дұрыс үйлестірмегеннен, халық мәселені өз бетімен шешуге талпынуда – Президент

Мемлекеттік органдар жұмысын дұрыс үйлестірмегеннен, халық мәселені өз бетімен шешуге талпынуда – Президент

Мемлекеттік органдар жұмысын дұрыс үйлестірмегеннен, халық мәселені өз бетімен шешуге талпынуда – Президент
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Жиын барысында азаматтарды тесттен өткізу мәселесі де қозғалды. Қазір күніне 32 мың адамнан сынама алатын деңгейге жеткенбіз. Дегенмен өңірлер арасында көрсеткіштердің алшақтығы байқалады. – Ауру жұқтырған адамдардың санын анықтаудың төмендігі – жергілікті жерлердегі лабораториялардың тиімсіз жұмысының нәтижесі. Мұны нақты көріністі жасырып қалу деп бағалауға да болады. Үкіметке аймақтар арасындағы тестілеу нәтижесін реттеуді қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Біз ешнәрсені жасырмауымыз керек, – деді Мемлекет басшысы. Бүгінде жұқпалы ауру жұқтырған азаматтарға арналған төсек-орындар көбейген. Бірақ бұл өзге медициналық қызмет көрсету орталықтарын жабудың есебінен артып отыр. Соның салдарынан азаматтарға медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігі төмендеп кеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге созылмалы ауруы бар азаматтарға, сондай-ақ, жүкті әйелдерге жоспарлы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Президент ауыр дертке шалдыққан азаматтардың саны көбейіп кеткеннен кейін ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесінің күн тәртібіне шыққанын айтты. – Мемлекеттік органдардың тарапынан үйлестіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен, халық бұл мәселені өз бетімен шешуге талпынуда. Бұл ешқандай қисынға сай келмейді! Азаматтар өндірістік баллондарға құйылған оттегі сатып алып жатыр. Бұл – ауруханалардың тікелей міндеті. Жеке үйлер мен пәтерлерде өндірістік баллондардағы оттегіні пайдалану деректері анықталған. Үкімет пен әкімдер бес күн ішінде ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету және үй жағдайында оттегі баллондарын пайдалану проблемаларын шешуі керек, – деді Мемлекет басшысы.