«СК-Фармация» басшысы кешірім сұрады

«СК-Фармация» басшысы кешірім сұрады

«СК-Фармация» басшысы кешірім сұрады
ашық дереккөзі
«СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев өзінің қызметке тағайындалуы туралы пікір білдіріп, бұрынғы басшылықтың жұмысы үшін кешірім сұрады. «Артылған міндеттің жүгі жеңіл емес. Бизнес менеджер ретіндегі мен үшін бұл – сынақ. Бір жағынан күтпедім. Себебі бұл салмағы мен жауапкершілігі ауыр лауазым. Екінші жағынан осындай қызметке өмір бойы дайындалып жүрген де секілдімін. Біз қысқа мерзім ішіндегі кешенді шараларды әзірледік. Зардап шеккендердің бәрінен кешірім сұрағым келеді. Бәлкім «СК-Фармацияның» бұрынғы басшылығы бір мәселені ұмыт қалдырған да болуы мүмкін. Бірақ жүйенің өзі жоспардың өзіне кедергі келтірерлік қалыптасып қалған. Бәрі де қаулыларға, шешімдерге байланған. Бәрі де күрделі. Тауарлы позициялар сағат сайын өзгереді. Әлбетте бәрі де күрделі», – деді ол YouTube желісіндегі «Ел тірегі» арнасындағы тікелей эфирде.