«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы Ақтауда жалғасын тапты

«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы Ақтауда жалғасын тапты

«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы Ақтауда жалғасын тапты
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қарсы күрес кезінде дәрігерлерді қолдау аясында Маңғыстау облыстық филиалының «Jas Otan» жастар қанаты Ақтау қаласында «Алғыс пакеттерін» тарату акциясын ұйымдастырды. Әрбір пакетте дәрігерлерге арналған жеміс-жидектер, тәттілер мен сүт өнімдері салынған. Волонтердің айтуынша, бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда.  width= «Бүгінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласында короновирус инфекциясына қарсы дәрігерлер күн мен түн демей дамылсыз еңбек етіп жатыр. Осы дәрігерлер, мейірбекелер Ақтау қаласы бойынша 6-қонақ үйге орналастырылған. Осы орналасқан дәрігерлерге күнбе-күн облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, «Jas Otan» ЖҚ белсенділері мен волонтерлер жеміс-жидектер, сүт өнімдері, түрлі тәттілерді әкеліп, үлестіріп жүрміз. Басты мақсатымыз – дәрігерлерге алғыс айтып, осы бір қиын уақытта қолдау білдіру. Біз бұл ауруды бірлесіп жеңеміз деп сенемін. Осы орайда бүгін біздің қатарымызда Сіздерге алғыс айту үшін ерекше жан, Облыстық "Кедергісіз келешек" комиссиясының төрайымы Баян Жалмағанбетовада арнайы келді», - деді филиал төрағасы Наурызбек Мағдатов. ⠀ «Ауызбіршілікте болып, жұмыла тірлік қылсақ ғана қиындықты еңсеріп қауіптен тез құтыламыз. Алайда, әр адам жауапкершілікті терең сезінбейінше, қауіп сейілмейді. Аурудан сақтанудың жалғыз жолы – оқшаулану, көпшілік ортада маска тағып, антисептикті қорғаныш ретінде пайдалану. Осындай жағдайда бізге қамқор көрсету үшін келген барша қайырымды жанға және Jas Otan ЖҚ-на алғысымыз шексіз» деді мейірбике Утегенова Зульфия. ⠀ Сонымен қоса, волонтерлер ертең демеушілердің көмегімен Облыстық ауруханаға 35 дана ауыр науқастарға арналған төсек орын (противопролежный матрас) тапсыратын болады.