Жаңалықтар

Орал қаласы маңында орман алқабы өртеніп жатыр

Орал қаласы маңында орман алқабы өртеніп жатыр

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өрт 17 шілде күні кешкісін басталды.

Қала маңындағы 2-саяжай аумағындағы «Урожайный» саяжай қоғамынан 5 км жерде 4 га орман алқабы мен 8 га жерде құрғақ шөп өртенді. Қазіргі таңда «тілсіз жауды» ауыздықтауға БҚО ТЖ департаментінен 75 қызметкер, 17 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымынан 5 адам, 5 техника, орман шаруашылығынан 8 адам, 1 техника, полиция департаментінен 6 қызметкер, 3 техника жұмылдырылған.