СҚО Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Қабдырахман Сақтағанов тағайындалды. СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қабдырахман Еркінұлы 1962 жылы Есіл ауданы Ильинка елдімекенінде дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Осыған дейін талай жауапты қызметтерді атқарған, «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы хирургия» мамандықтары бойынша жоғары квалификациялық санатқа ие. 2007 жылы Медицина ғылымдарының кандидаты атанды. Еңбек жолын 1984 жылы Петропавлдағы 1-ші қалалық ауруханадан бастады. 1993 жылдан 1996 жылға дейін хирургия бөлімшесінің ординатор дәрігері болды. 1996 -2000 жылдар аралығында облыстық аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарды. 2010-2014 жылдары Петропавлдағы 3-ші қалалық аурухананы басқарды. 2014 жылы СҚО денсаулық сақтау басқармасына басшы болып келді. 2017 жылдан осы тағайындауға дейін СҚО онкологиялық диспансерде бас дәрігер қызметін атқарды.